ХОК биатлоннан екі дүркін Олимпиада чемпионы ресейлік Ольга Зайцеваны допинг қолданғаны үшін айыптауда. Бұл жайлы «Спорт-экспресс» хабарлады.

Спортшының есімі WADA жұмыысының есеп беру барысында аталды. Сочи Олимпиадасындағы Ольганың допинг сынамасы тұрған арнайы ыдысының сырылғаны дәлелденді. ХОК ұйымының нұсқасы бойынша, спортшының зәрін «кірден» «тазаға» ауыстырған.

Айта кетейік, Зайцева осы айдың соңында ХОК алдында аталмыш жағдай бойынша есеп бермек.

Естеріңізге салайық, Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарында Зайцева Ресей құрамасы сапында эстафетадан күміс медаль ұтып алды. Ал оның екі командаластары Ольга Вилухина мен Яна Романова да допиг дауына ілікті.