«Медеу» мұз айдыныңда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары үшінші мәрте өткізіліді, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Спорттық шараға әртүрлі жастағы 700-ге жуық әуесқойлар қатысты. Жалпы, тегін бағдарламаның арқасында бүгінгі күні 1500-ге жуық адам тегін үйренді.

Сонымен қатар, белсенді демалыстың қонақтары мен әуесқойлары әртүрлі жарыстарға қатысып, бағалаы сыйлықтарға ие болды. Солардың бірі, Татьяна Сопкова мен оның қызы. Ол осындай жарыстарды өткізген ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

-Біз отбасымызбен коньки тебуді ұнатамыз. Медеуге достарымызбен, отбасымызбен жиі келіп тұрамыз. Медеу қаламыздың символы емес пе, және де өзінің әсемдігімен бізді қызықтырады. Бүгін бірінші рет ойындарға қатысып, сыйлықтар ұтып алдық, қуаныштымыз. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. – деді Татьяна Сопкова.

Айта кетет жайт, кез келген «Медеу» қонақтары сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін аптаның әр сенбісі немесе жексенбісінде тегін үйренуге мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, коньки тебушілерге акцияны ұйымдастырушылар көптеген сыйлықтар табыстап, концерттік бағдарламалар өткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, билеттер мен конькиді жалға алу Медеудегі прейскурантка сәйкес беріледі. Бұл конькимен сырғанауға ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқасанның 24-не дейін жалғасып, келесі жылдың қантарында қайта іске қосылмақ.

Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады. Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың 25-ші ақпанында қосылған болатын.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.