Дзюдодан Қазақстан чемпионы Дидар Хамза біріншіліктен соң Prosports.kz тілшісіне өз әсерімен бөлісті.

- Биылғы ел чемпионаты жақсы өтті. Қазақстандағы мықты балуандардың барлығы белдесті. Әр кездесу қиын болды.

- Рио Олимпиадасынан кейін жаңа салмаққа ауыстың. Үйрендің бе?

- Бүгін финалда кездескен балуаннан былтырғы ел чемпионатында жеңіліп қалған едім. Араға бір жыл салып, сол есені қайтара алдым. Қарсыластың бәрі қиын болды.

- Ең ауыр қарсыласың кім болды?

- Жартылай финалдағы қарсыласым өте ауыр болды. Ақтық сынға берілер жолдаманы Әзиз Қалқаманұлымен сарапқа салғанмын. Ол біздің салмақтағы бірінші нөмір болатын, негізгі фаворит саналады. Сондықтан, оған қарсы жекпе-жек өте қиынға соқты.

- Рио Олимпиадасынан кейін неге үлкен жарыстарға қатыспадың?

- Иә, Риодан кейін үлкен жарыстардан шет қалдым. Негізі, ересектер арасындағы Азия чемпионатына қатысуым керек еді. Алайда бір күн қалғанда жарақат алып, қатыса алмадым. Сөйтіп, аяғыма ота жасалып, төрт айдай емделдім. Содан кейін қазанда Хорватияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, үшінші орын алдым.

- Енді алда қандай жоспарлар бар?

- Жоспарым – әлемдік ареналарда жүлде алу. Әлем чемпионаты, Азия ойындары бар.

- Демек, биыл енді ешқандай жарысқа қатыспайсың ғой?

- Желтоқсанда Жапонияға аттанамын. Үлкен дулыға жарысына қатысамын.

- Сәттілік!

- Рақмет!