«Астана» футбол командасының қорғаушысы Қазақстан премьер-лигасының ХХХІІ туры аясында Алматының «Қайратына» қарсы ойын туралы пікірін айтты.

— Марин, осы ойында чемпион атанларыңыз мүмкін еді. Неліктен қолдан шығарып алдыңыздар?

— Иә, осы кездесуді чемпиондық ойын деп атауға болатын еді. Бірақ біз чемпиондық матчқа лайықты ойын көрсете алмадық. Бірінші голға дейін тең ойын болды, мүмкіндіктеріміз болды, бірақ гол соға алмадық. Қарсыластарымызда да дәл солай болып жатты. Гол оңай жіберіп алдық, сондықтан жеңілдік.

— Бұл немен байланысты? Бірінші таймда қауіпті шабуылдарыңыз болды, бірақ екінші таймда «Қайрат» қарымды ойнады?

— Бұл сұраққа жауап бере алмаймын, түсіндіре алмаймын. Бұл кездесі шешуші ойын болуы мүмкін еді, шыдаммен ұйымшыл ойын өрнегін көрсету, сенімдірек болу керек еді. Бірақ олай болмай шықты.

— Тең нәтиже жетіп жатыр еді. Мүмкін командаңыздың ойынына осы фактор әсер еткен шығар, әлде тек жеңіс үшін алаңға шықтыңыздар ма?

— Қарсыластар жеңуді қалайтын еді. Әрине, 0:0 есебімен де ойынды аяқтауға болатын еді. Бірақ бірінші голдан кейін команданың беті қайтып қалды. Кейін ашылдық. Қонақтарда қарсы шабуыл жасауға көп мүмкіндіктер беріп қойдық. Олардың бірі голға айналды. Есеп 0:2 болған соң, ойын тағдыры шешілді.

— Қазан айында көп ойнадыңыздар. Ел чемпионатының шешуші ойындары мен Еуропа Лигасының маңызды ойындары қатар келді. Команданың дене мүмкіндіктеріне осы жайт әсер етіп жатқан болар?

— Иә, ойын көп. Бірақ бұл ойынға біз дайын емес едік дей алмаймыз. Тек басқаша ойнау керек еді. Меніңше, мәселе физикада емес.

— Енді алда екі маңызды ойын тұр — «Маккабиге» қарсы сырт алаңда, ал чемпионатта «Ақжайыққа» қарсы ойнайсыздар. Екеуінде де жеңіс керек. Олар жайлы не ойлайсыздар?

— Бұл ойынды ұмыту керек. Қорқынышты ештеңе жоқ, жеңілдік, иә, жеңілдік. Ертеңнен бастап келесі матчқа дайындалу керек. Сейсенбі күні Израильге ұшып кетеміз, ол жерде жақсы нәтижеге қол жеткізуге тиіспіз. Кейін үйге келіп, «Ақжайыққа» қарсы тағы бір чемпиондық матч өткіземіз.