«Қайрат» футбол командасының бас бапкері Карлос Алос Ферер Қазақстан премьер-лигасының XXXII туры аясында «Астанаға» қарсы ойыннан кейін пікір білдірді.

Ең бірінші ойыншыларыма алғыс білдірігім келеді. Бұл жеңіс «Қайрат» жанкүйерлерінің де жеңісі. Енді матчқа келер болсақ, екінші таймда көбірек қауіп тудыратынымызға іштей сенімді едік. «Астана» бірнеше күннің ішінде көп ойын өткізді. Екінші таймда «Астанаға» қиын болатынын түсіндік, олар бізге қарағанда шаршаңқылау болды. Сондай-ақ Чума Аненені жіберіп оларға біраз қиындық тудыратынымызға сенімді болдық. Алғашқы таймда екі командада айтарлықтай мүмкіндік болмады. Жігіттердің бәрінің ойынына көңілім толады. Ал жастарымыз негізгі құраммен ойнап, үлкен тәжірибе жинап жүргенін ерекше атап өткен жөн. Соңғы үш айда біз бәрін өзгерттік. Жаттығуымыз да өгерді, бұл соның нәтижесі деп айтар едім. Енді соңғы турда бәрі белгілі болады. Біз әзірге өз жұмысымызды орындадық. Әрине, соңғы ойынымызды да жеңіспен аяқтауға тырысамыз.

- Бүгінгі жеңістен кейінгі чемпиондыққа деген мүмкіндіктеріңізді қалай бағалар едіңіз?

- Чемпиондықтың тағдыры біздің қолымызда емес. Біздің басты – міндетіміз жеңіске жетіп, «Астана» мен «Ақжайықтың» ойынын күту.

- Алғашқы таймда амалсыздан ойыншыңызды алмастырдыңыз...

- Біздің бұл шешімімізге аздап күмәніміз болды. Бұл кезде біз бәрін өзгертіп Чуманы сол кезде-ақ шығаруымыз мүмкін еді. Бірақ жүйемізді өзгерткіміз келмеді. Ойын жүйесін өзгертпес үшін дәл осы позицияда ойнайтын Айбол Абикенді шығаруды жөн көрдік. Абикен үмітімізді ақтады деп сеніммен айта аламын.

- Не үшін Бауыржан Тұрысбекті емес Чума Аненені шығаруды жөн көрдіңіз? Чума жүз пайыздық екі сәтті жіберіп алды.

- Чума мұндай кезде көбірек ашылып, өзін жақсы қырынан көрсетеді. Ол алаңның ашық тұсын көрсе болды сол жерден табылып, шабуылымызға дем береді. Ал Тұрысбектің ойын мәнері сәл өзгешелеу. Ол алаңда кеңістік болмаса да жоғары деңгейде ойнай алады. Бірақ Чуманың бұл кезде көмегі көбірек тиер деп ойладым.

- «Ақтөбе» сіздерге айтарлықтай қиындық тудырады деп айта алмаймын. Футболда қарсыластарыңды ынталандыруға тыйым салмайды. «Ақжайық» «Астанаға» есе жібермес үшін қандай қадамға барасыздар?

- Менің басты жұмысым – өз ойыншыларым ынталандыру. Біз «Ақтөбені» жеңуді ойлаймыз. Сіздің не сұрағыңыз келгенін түсінбедім. Бірақ «Ақжайық» та, «Ақтөбеде» өз ойындарын жеңуге тырысады деп ойлаймын. Егер чемпиондық атақты жіберіп алсақ, «Астананы» құттықтаудан басқа амалымыз қалмайды.

- Маусым басынан «Қайратқа» жетекшілік етсеңіз команданы чемпион етер едім деп ойлайсыз ба?

- Ол туралы ешнәрсе айта алмаймын. Футболда не боларын нақты болжау мүмкін емес. Ал қазір ең бастысы – біз жарыс жолындамыз.