Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Денис Уланов өзінің инстаграм парақшасында тікелей эфирге шығып алдағы жоспарларымен бөлісті.

Қазақстан құрамасы бір жылға ірі жарыстардан шеттетілгеніне қарамастан спортшылар жаттығуды жалғастыруда. Ел намысын ірі жарыстарда абыроймен қорғап жүрген Денис көптеген қызық сұрақтарға жауап берді.

«Еуропа лигасындағы елордалық «Астана» клубының ойыны ұнайды» деп бастады Уланов.

- Банктың кредиті жаман ба мельдоний ме?

- Екеуі де.

- Сүйікті спортшың кім?

- Илья Ильин. Айтпақшы ол келесі жылы жаттығуды бастайды.

- Келімсектерге қазақ паспортын беруге қарсысың ба?

- Қарсы емеспін және мұндайды қолдамаймын да.

- «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Андрей Аршавин ай сайын 120000 доллар алады. Ауыр атлеттердің орташа табысы қандай?

- Бұл сомадан айтарлықтай аз.

- Бапкерің кім?

- Ержас Болтаев.

- Нимен қатынасың қалай?

- Сөйлесіп, араласып тұрамыз.

- Олимпиадада үшінші орын алған румыниялық Габриэль Синкраян допингпен ұсталды. Саған медаль қашан табысталады?

- Жуырда құжаттарға қол қоюым керек, Сосын беріледі.

Естеріңізге салсақ, Денис Уланов соңғы Олимпиада ойындарында төртінші орын иеленген. Алайда, үздік үштіктен көрінген румыниялық Габриэль Синкраян тиым салынған дәрі қолданды деп айыпталып жүлдесінен қағылған. Сол себепті Дениске Олимпиада ойындарының қола жүлдесі табысталуы тиіс.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы ресми түрде бір жылға барлық жарыстардан шеттетілді.