Қазақстанда осы айда «SportFEST Kazakhsatan» республикалық мектеп спартакиадасы басталады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда мектеп спорты халықаралық стандарттарға сай емес. Ал мектеп спорты лигалары кәсіби спрорт түрлеріне байлаулы болғандықтан, аталған спорт барлық білім ордаларында қол жетімді бола бермейді. Осы себепті, спартакиаданы «Коммунициялық бастамалар мен стратегия қоры» ЖҚ, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «SportFEST Kazakhsatan» республикалық мектеп спартакиадасын өткізбек. Спартакикадада жасөспірімдер арасындағы футзалдан, әскери спорт түрлерінен, шахматтан, үстел теннисінен, қыздар арасындағы баскетболдан, тоғызқұмалақтан турнир ұйымастырылады. 8-10 сыныптың оқушыларына арналған республикалық турнир 180 аудан мен 14 облысты, Алматы мен Астана қалаларын қамтиды.

Турнир үш кезеңнен, атап айтқанда дайындық, Қазақстан аймақтарында іріктеу және Шучье қаласындағы «Балдәурен» кешенінде қазақстандық спорт және эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін республикалық финал кезеңдерінен тұрады. «SportFEST Kazakhsatan» бұл келешекте спорттың атақты чемпиондарын шығаруға бағытталған, белгілі бір спорттық дәрежесі жоқ мектеп оқушылары арасында өтетін республикалық ауқымды жоба. Біздің болжамымыз бойынша, спартакидаға Қазақстаннан 6000-нан астам оқушы қатысады деп күтілуде. Ал барлық сатылып алынған спорттық құрал-жабдықтар (футбол, баскетбол доптары, шахматтар, теннис үстелдері, тоғызқұмалақтар) тегін негізде орта білім беретін мекемелерге (балалар үйіне, мектеп-интернаттарына, спорт меткептеріне) табысталады», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Лима Диас. Осы айда басталатын республикалық турнирдің финалдық кезеңін 2018 жылдың маусым айында өткізу жоспарланып отыр.