Дзюдодан «Үлкен дулыға» турнирін Қазақстан тұрғындары «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирден көре алады.

Дзюдодан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы үстіміздегі жылдың 26-28 қазанында Әбу-Дабиде өтетін «Grand Slam» турниріне апаратын құрамды анықтады. Қазақстан құрамасының мүшелері:

Ерлер: Ғусман Қырғызбаев (60 кг) Елдос Жұмақанов (66 кг) Ғұмар Қырғызбаев (66 кг) Бекәділ Шаймерденов (73 кг) Ерасыл Сәкенұлы (73 кг) Қажымұқан Өтеулиев (81 кг) Виктор Демьяненко (-100 кг)

Әйелдер: Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) Назгүл Құбашева (63 кг) Зере Бектасқызы (70 кг)