Қазақстандық қос спортшы Арман Оспанов пен Мұрод Хантұраев ережесіз жекпе-жектен Сочи қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыста жеңімпаз атанды.

«Алаш Прайд» кәсіпқой клубының мүшесі Арман Оспанов Алексей Полпудниковты нокаутқа түсірсе, екінші жерлесіміз Хантураев Евгений Ерохинді бірінші раундта алып ұрды.

Аталған шараны елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен бірге тамашалаған.

«Маған шақырту жасаған Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге алғысымды білдірем. Ресейге келуім осындай мерекемен бір уақытқа түскеніне қуаныштымын, жарыстың барлық қатысушыларына рақмет», - дейді Нұрсүлтан Назарбаев.