Жанат Жақиянов Райан Барнетке қарсы жекпе-жегі алдында ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

22-ші қазанға қараған түні қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы ең басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы WBA Super және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27 жеңіс, 18 нокаут, 1 жеңіліс) пен IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы солтүстік ирландиялық Райан Барнетт (17 жеңіс, 9 нокаут, жеңіліс жоқ) жұдырықтасады.