АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Golden Boy промоутерлік компаниясы өткізетін кәсіпқой бокс кешінің қарсаңында салмақ өлшеу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Осы бокс кешінде қазақстандық Бекман Сойлыбаев (11-0, 4КО) 29 жастағы мексикалық боксшы Фернандо Варгасқа (32-12-3, 21КО) қарсы шаршы алаңға шығады.

Боксшылар бірінші жеңіл салмақтың талаптарынан (58,9 килограмға дейін) шыға білді. Жекпе-жекте Сойлыбаевқа тиесілі WBC International чемпиондық титулы сарапқа салынады.

Қызықты бәсекені ESPN және «Хабар» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. Трансляцияның басталуы Астана уақытымен 20 қазан күні таңғы 07:00-ге жоспарланған.