Алматы қаласында қазақ күресінен «Арландар сайысы» атты ашық республикалық турнир өтті.

Алматы қаласының «Almaty Arena» спорт кешеніңде студент және жастар арасында қазақ күресінен «Арландар сайысы» атты ашық республикалық турнир өтті.

10 облыс пен Астана және Алматы қалаларының 55 балуаны қатысты. Күрескен студент жастар - 60, -74, +90 келі салмақ дәрежелері бойынша кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде 60 килограмға дейінгі салмақта «Арландар сайысының» биылғы жеңімпазы болып Алматы облысының балуаны Ержан Еренғайыпов танылды. Қарағанды облысының балуаны Хуанбай Еламан 2-орын иеленсе, Алматы қаласының Магауинов Ержан және Арыстанбеков Абзал сынды қос бірдей балуандары 3-орын алды.

Ал 74 килограм салмақта алматылық Амангелді Төлемісов чемпион атанса, Алматы облысының атынан шыққан Жұмажан Нұржан 2 орын, Маңғыстаудың намысын қорғаған Оразалин Нурлан мен Қызылордадан шыққан Абдрашит Рахманберді 3-орын иеленді.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде тағы бір оңтүстік астаналық палуан Руслан Әбдіразақов бас жүлдені иеленді. 2-орын Алматы қаласының балуаны Нуралинов Даурен және 3-орындарды Қызылорда облысының балуандары Исағабылов Мақсат пен Сәлімгереев Нұрым алды.

Айта кететін бір жайт студант жастардың басын қосқан аталмыш турнир биыл Алматы қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылуда.