Италиялық велошабандоз «Астанадан» кетті. «Astana Pro Team-нің» капитаны қазақстандық командада алты жыл өнер көрсеткен еді.

27 жастағы спортшы арабтың UAE Team Emirates командасымен келісім-шартқа отырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Prosports.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында «Астананың» бас менеджері Александр Винокуров Арудың қазақстандық ұжыммен келісім-шарт ұзартқысы келмегенін айтқан болатын.