Мәскеулік «Спартактың» ойыншысы Квинси Промес Ресей чемпионатындағы жергілікті ойыншылардың деңгейі туралы ойын айтты.

«Ресейлік ойыншылар неге даму жолында кідіріп қалады? Еуропалық лигаларда ресейлік ойыншылар жоқ, бәрі де өз жерінде ойнайды. Аршавин тамаша үлгі бола алады, ол өз жерінде ғана емес, Еуропада да өзін көрсете алды. Оның мансабы тамаша өтті. Бірақ қалғандарына оның жолымен жүргісі келмейді. Тек Ресейде ғана жұлдыз болып, осында ақша тапқысы келеді», - деді голландиялық футболшы.