Қазақстандық футболдың аңызы, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны және «Ордабасы» футбол клубының қорғаушысы Prosports.kz-ке берген сұхбатында мансабын жалғастырар-жалғастырмасы туралы баяндап берді.

- «Ордабасымен» келісім-шартыңыз қашан аяқталады?

- 2017 жылдың 30 қарашасында.

- Басқа клубтардан ұсыныс түсті ме?

- Әзірше жоқ.

- Ал «Ордабасы» еңбек келісімін ұзартуды ұсынбады ма?

- Әзірше ұсынған жоқ.

- Клубтық мансабыңызды жалғастырасыз ба?

- Әрине.

- Қалай ойлайсыз, биыл кім Қазақстан чемпионы атанады?

- Әзірше белгісіз. «Қайратта» «Астананы» қуып жетететін мүмкіндік бар. Бірақ алматылық клубқа барлық матчта жеңіске жетіп, сүрінбеу керек.