Ресей азаматтығын алған америкалық боксшы Рой Джонс Ресей президентін 65 жасқа толуымен құттықтап, өзінің орыс екенін айтты.

Спортшының сөзін RT басылымы келтірді.

«Ресей президенті Владимир Путин сізді туған күніңізбен құттықтаймын. Сіз басқаратын мемлекетті танып, отандасыңыз атанғаныма алғыс білдіремін. Бір күні сіз тек ең жақсы емес, әлемдегі ең танымал адам атанатыныңызға сенемін. Барлық жасаған жақсылықтарыңыз үшін рақмет. Құдай сізді сақтасын. Паспорт үшін тағы да рақмет. Мен орыспын», — деді кіші Рой Джонс.