Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов соңғы жеңісінен кейін өз дивизионының рейтингінде 354 сатыға көтерілді.

Бір күн бұрын 25 жастағы Момынов Буэнос-Айресте (Аргентина) кездесу өткізген еді. Ол бесінші раундта жергілікті Леонардо Фабио Амитраноны техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бұл жеңісінің арқасында Момынов BoxRec рейтингіндегі жағдайын біршама жақсартып алды. Қазіргі таңда жерлесіміз жартылай орта салмақ рейтингісінде 310-шы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Момыновтың кәсіпқой рингте төрт кездесу өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жеткен. Ал бастапқы үш жекпе-жегін АҚШ-та өткізген.