UFC 216 турнирінің басты жекпе-жегінде Тони Фергюсон Кевин Лидің тас-талқанын шығарып, ұйымның жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы атанды. Ал Деметриус Джонсон Борганы ұтып, жеңістер сериясы бойынша жаңа рекорд орнатты.

Чемпион атанған Фергюссон кездесуден соң өз ойымен бөлісіп, ирландиялық Конор Макгрегорға қатты сөз айтты.

«Конор Макгрегормен жекпе-жек жайлы не ойлайсың? Боқтың қоқымы сен қайда тығылып қалдың? Мен сенің артыңнан келемін. Титулыңды қорғау керексің!» — деді Фергюсон.