73 келіде өнер көрсететін қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов Ташкент төрінде топ жарды.

Жерлесіміз финалдық белдесуде жергілікті спортшы Гиесжон Бобоевты тізе бүктірді. Кездесу соңына дейін 22 секунд қалғанда танымал дзюдошымыз керемет әдіс жасап, өзбек спортшысының қос жауырынын татами искетті. Нәтижесінде, жерлесіміз таза жеңіске (иппон) қол жеткізіп, «Ташкент Гран При» жарысының жеңімпазы атанды.