Алматыда «Халық Арена» спорт сарайында грек-рим күресінен дәстүрлі халықаралық «Болат Тұрлыханов Кубогы» өз мәресіне жетті. Бүкіләлемдік күрес кеңесінің (UWW) күнтізбесіне енгізілген жарыс олимпиадалық ойынға жататын алты - 59, 66, 75, 85, 98 және 130 келі салмақ дәрежелері бойынша өтті. Екі күн бойы Ресей, Иран, Корея, Венгрия, Беларусь, Грузия, Украина, Армения, Польша, Грекия, Түркия, Литва, Таиланд, Тәжікстан, Қырғыстан, Өзбекстан және тағы басқа әлем мемлекеттерінен келген балуандар өзара мықтыны анықтады.