Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) жаңғартылған рейтингін жариялады.

Жаңартылған рейтингке сүенсек, алғашқы үштікте бұрынғыша испандық Рафаэль Надаль, швейцарлық Роджер Федерер мен британдық теннисші Энди Маррей тұр.

Ал жүздіктегі қазақстандықтардың позициясы мынадай: Михаил Кукушкин үш саты төмен түсіп, 81-орынды иеленсе, ал Александр Бублик 96-орыннан 95-ке көтерілді.