Қазақстандық теннисші Александр Бублик Орлеандағы «Челленджердің» бірінші кезеңінен сәтті өтті.

Турнирдің алғашқы матчында қазақстандық теннисші голландиялық Игор Сейслингті жеңді. Игор үшінші сетте кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Айта кетейік, Бублик Сейслингті 6:7, 6:2, 3:2 есебімен қапы қалдырды.

Енді Александр венгриялық Мартон Фучомен кездеседі.