24-29 қыркүйек күндері Ақтөбеде дзюдодан Президент кубогы өтеді, – деп хабарлайды ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған Қазақстан Республикасының Президенті кубогында дзюдошылар команда бойынша сынға түседі. Жарысқа 2000 жылға дейінгі туған ерлер қатыстырылады.

Президент кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломмен қатар, қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Жарыс Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде өткізіледі.