Қазақстандық бильярдшы Алихан Қараннев Ашхабадта өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Алихан ресейлік бильярдтың «пирамида» түрінен үшінші орын иеленді. Жартылай финалда Қаранеев түркіменстандық Аннамамед Аннамамедовтан ұтылып қалды – 2:5.