Конфедерация 2017 жылы Әлем чемпионаттарында жеңімпаз және жүлдегер болған спортшыларды марапаттады. Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы 2017 жылғы Әлем чемпионаттарында үздік өнер көрсеткен бокс, күрес, дзюдо және таеквондо шеберлерін, бапкерлерін және кешенді ғылыми топ мүшелерінің еңбегін ескере келе марапаттау рәсімін өткізді.Жалпы саны 11 спортшы мен бапкерлер және ұлттық құрама команда мамандарынан құралған 36 адам ақшалай сыйақыларға ие болды.