Бүгін қазақ балуаны Нұрбақыт Теңізбаевқа 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс медалі табысталды.

Нұрбақыт Теңізбаев 2008 жылы Қытай елінің астанасында өткен төртжылдықтың басты додасында 60 келі салмақта грек-рим күресінен қола медаль ұтқан. 2016 жылдың қараша айында отандасымызды жартылай финалда жеңген әзірбайжан балуаны Виталий Рагимовтың допинг қолданғаны белгілі болды. Нәтижесінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) әзірбайжан спортшысының жүлдесін кері қайтарып, Нұрбақытты күміс жүлдегер ретінде таныған.