Бүгін «№ 9 ОлимпБіріншілік үш жас санатында өткізіледі: үлкендер, 11-16 жас аралығындағы жеткіншектер және 12-18 жас аралығындағы жастар. Байрақты бәсекеде Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Иран, Солтүстік Корея және Гонконг елдерінен келген 144 спортшы үш күн бойы бақ сынасатын болады.

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі құрметті қонақтар Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Бекетұлы, спорттық акробатикадан Қазақстан Федерациясының президенті Үміт Шаяхметова және президент кеңесшісі Махмұт Ескендіровтың қатысуымен өтті. Олар Азия чемпионатының ашылуымен құттықтап, барлық спортшыларға сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі.

Азия құрлығының спорттық акробатикадан техникалық комитетінің президенті Айгүл Дүкенбаева атап өткендей, қатысушылар үш күн бақ сынайды.

- Біз чемпионатты халықаралық ережелерге сәйкес өткіземіз. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер жалпы нәтижелер бойынша анықталатын болады. Яғни, екі күн еркін бағдарлама, ал үшінші күн квалификация. Осындай айтулы доданың Алматыда өтіп жатқанына аса қуаныштымыз. Біз үшін бұл үлкен жетістік пен жауапкершілік. Алматы халықаралық дәрежедегі жарыстардың орталғына айналады деген сенімдеміз,- деп атап өтті Айгүл Дүкенбаева.

Азия бірінішілігі акробатиканы Қазақстанда дамыту және елге таныту, спортшылар мен бапкерлердің шеберліктерін арттыру, сондай-ақ, халықаралық аренада ел мен Алматы қаласының спорттық имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады.

Жарысты дене шынықтыру және спорт комитеті, Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «Қазақстанның гимнастика федерациясы» және «Алматы қаласы гимнастика федерацисы» қауымдастықтарының қолдауымен өткізіледі.

Айта кетер жайт, айтулы дода үш күнге созылып, қыркүйектің 19-ы күні өз мәресіне жетеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом мен медальдермен марапатталады.