Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареске қарсы өткен жекпе-жек соң пікір білдірді.

«Бүгін, расында, Мексика күні болды. Мексикалық жанкүйерлерді құттықтаймын. Маған мексикалық жұдырықтасу стилі ұнайды. Мен биг драмаш шоу жасағанды қалаймын.

Алға, Қазақстан! Мен нағыз бокс көрсеткім келеді. Мен әлі де чемпионымын! Үлкен рахмет, жігіттер», - деді Головкин жекпе-жектен соң.