Лас-Вегастың T-Mobile аренасында «ғасыр жекпе-жегі» аяқталды.

Бәсте Головкинге тиесілі төрт белбеу мен The Ring журналының чемпиондық белбеуі тұрған.

Алғашқы раундтарда боксшылар тең деңгейде жұдырықтасқан. Екеуі де шабуылды сақ жасады. Бірақ 4-раундтан бастап Головкин жекпе-жекті өз қолына алды. Нәтижесінде, боксшылар 12 раунд бойы қолғап түйістіріп, жеңімпазды төрешілер анықтады. Төрешілер қос боксшы да тең түсті деген шешім қабылдады.

Осылайша, GGG кәсіпқой бокстағы 37 жеңісіне бір тең нәтижені қосты. Ал Альварес 53 кездесуде екінші рет тең түсіп отыр.