Геннадий Головкин Саул Альвареспен кездесуге киіп шығатын спорттық киімі мен қазақтың ұлттық шапанын көрсетті.

Естеріңізге салсақ, GGG мен Canelo бүгін Лас-Вегаста кездесу өткізеді. Әлем жұртшылығы тағатсыздана күтіп отырған кездесу Астана уақытымен 08:50-де болады деп күтілуде. Кездесуді QAZAQSTAN мен QAZSPORT арналары тікелей эфирден көрсетеді. Биылғы жылдың басты бокс кешінің соңғы жаңалықтарын біздің сайттан қарай аласыздар.

Дереккөз: Prosports.kz