Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жек алдында қорытынды баспасөз мәслихатын, ал кейін көз арбасу рәсімін өткізді.

Қазақстандық боксшы промоутерлерге, демеушілер мен ұйымдастырушыларға, сонымен қатар, HBO PPV телеарнасына алғыс білдірді .

«Бұл бокс үшін өте маңызды уақыт. Мен көп сөйлегім келмейді. Мен дайынмын, Альварестің командасын құрметтеймін. Бұл біз үшін маңызды күн! 16 қыркүйекте T-Mobile аренасына қош келдіңіздер, бұл ірі әрі тарихи жекпе-жек. 16 қыркүйекте кездескенше», - деді Головкин.