Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен кездесуі алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Сұхбат барысында MGM Grand Hotel журналисі Альварестің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуі жайында сұраған.

«Канело 15 жасында кәсіпқой рингтегі дебюті үшін қанша алғанын есіне түсірді – 60 доллар. Ал сенбіде Головкинмен жекпе-жек үшін сегіз саны бар соманы қалтасына басады», - деп жазды ESPN журналисі Дэн Рафаэль.

Айта кетейік, Альварес дебютті жекпе-жегін 2005 жылы Абрахам Гонсалеске қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Содан кейін Канело кәсіпқой бокста 50 кездесу өткізді.

Ал Головкин – Альварес кездесуі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.