«Астана» клубының бас бапкері Станимир Стойлов команданың шабуылшысы Джуниор Кабананганың Испанияға бармауына қатысты пікір білдірді.

«Мен Астанада бұл мәселенің нүктесін қойдым деген ойдамын. Маған «Астана» үшін барын салатын ойыншылар керек. Бізге команданың жеңіске жетуіне көмектесетін ойыншылар қажет. Инстаграмдағы жазғандарын оқып, жылауға сәл-ақ қалдым. Алайда, мен оның жазғандарын оқығаннан кейін ойым өзгереді дей алмаймын. Қайталап айтайын, маған командамен бірге болатын ойыншылар керек», - деді бапкер.