«Ювентустың» шабуылшысы Гонсало Игуаин Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Барселонаға» қарсы матч қорытындысы бойынша жазаланбайды.

87-минутта Игуаин алаңнан кетіп бара жатып, «Барселона» жанкүйерлеріне ортаңғы саусағын көрсеткен. Бұл сәтті фотографтар суретке түсіріп алыпты. Алайда УЕФА Игуаинға санкция қолданбайтынын айтты.