Америкалық теннисші Слоан Стивенс US Open жеңімпазы атанды.

Осы жеңісінің арқасында жас спортшы 3,7 млн доллар ұтты. Слоан Стивенс Нью-Йорктегі Үлкен дулыға турнирінің финалында отандасы Мэдисон Кизді 6:3, 6:0 есебімен еш қиындықсыз жеңді. Кездесу небәрі бір сағат бір минутқа созылды.

Айта кетейік, спортшының Үлкен шлем турнирлері мансабындағы ең алғашқы жеңісі. Осы жеңістің арқасында америкалық теннисші рейтингтегі жағдайын жақсартты. Бір ай бұрын 957-ші орында болған теннисші 83-ші орынға көтерілді.