US Open қорытындысы бойынша WTA өкілдерінің жаңартылған рейтингі жарияланды.

Жеке дәреже бойынша испан теннисшісі Гарбинье Мугуруса Бланка көш бастап тұр. Екінші орында румыниялық Симона Халеп, ал үздік үштікті украиналық Элина Свитолина түйіндеп тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева екі орынды артқа тастап, 52-інші орынға жайғасса, Зарина Дияс тоғыз сатыға көтеріліп, рейтингтің бірінші жүздігіне тұрақтады. Ярослава Шведова 44 орыннан 126-ыншы сатыға сырғыды.