Бүгінгі қос команда арасындағы ойын тарихы 1968 жылдан бастау алады. Кеңес Одағының чемпионаттарында павлодарлықтар мен қостанайлықтар 24 рет кездесіп, 15 рет біздің команда жеңіс тойын тойлаған, 4 рет тең түсіп, 5 рет жеңіліс тапты. Доп айырмасы 34-16. Қазіргі чемпионаттар басталғалы «Ертіс» пен «Тобыл» жасыл алаңда 56 рет жолықты. 2002 жылғы финалдық кезеңдегі техникалық жеңісті есепке алғанда (ол кезде қостанай-лықтар чемпионат Регламентін бұзған) павлодарлықтар 20 рет жеңіп, 18 рет тең түсіп, 18 рет есе жіберді, солардың ішінде 6 жеңіліс өз алаңымызда болды. Доп айырмасы: 69-57. Бұл кездесулердегі «Ертістің» үздік сұрмергендері – О. Рылов пен Н. Мендес – 4 голдан, Ұ. Бақаев – 3. «Тобылдың» қырағы мергені Н. Жұмасқалиев павлодарлық команда қақпасына 11 гол салса, М. Низовцев пен сол Ұ. Бақаев – 5 голдан салды.