WADA баяндамаларында бірнеше рет допинг дауына іліккен РФО басшысы Виталий Мутко Қазақстан құрамасының бетін қайтарды.

Оның айтуынша, Қазақстан құрамасы мықты емес. Сондықтан Ресей құрамасы тек 2018 жылғы әлем чемпионатының қатысушыларымен ғана жолдастық матч өткізеді. «Қазақстан құрамасы ма? Әлем чемпионатына дейін бұл командамен ойнауды жоспарлап отырған жоқпыз – тек әлемдік доданың қатысушыларымен ғана ойнаймыз. Көптеген командалармен келіссөз жүріп жатыр», - деді Мутко. Бұған дейін ұлттық құраманың бапкері Александр Бородюк мырза жақында Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өтетінін айтқан. Айта кететін жайт, жақын арада Ресей командасы Оңтүстік Корея және Иран командаларымен жолдастық кездесу өткізбек.

Естеріңізге салайық, Қазақстан құрамасы соңғы кездері барлық қарсыластарына ойсырай ұтылуда.