Атырауда парадзюдодан өтетін турнирге 8 мемлекеттің спортшылары қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда парадзюдодан өтетін «Гран-при Қазақстан-2017» халықаралық турниріне 50 спортшы қатысады. Татамиге Қазақстан, Ресей, Грузия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, АҚШ және Корея өкілдері шығады. Олар барлығы 7 салмақ дәрежесінде бақ сынасады»,-деді Дзюдодан параолимпиада федерациясының президенті Қанатқали Досалиев.

Ол парадзюдодан алғашқы турнирдің елордада емес Атыраудан өтуінің өзіндік себебі бар екендігін айтады. Қазақстандық паролимпиада спортының бастауында Сеулде өткен Дүниежүзілік ойындарда үшінші орын алған атыраулық спортшы Әнуар Сариев тұр.