Ұлттық Олимпиада Комитеті Көкшетау, Қарағанды және Орал қалаларына арнайы street workout алаңдарын салып берді.

Алаңдар ҚР ҰОК президенті Тимур Күлібаевтың бастамасымен халық спортқа баулу мақсатында салынды. Осылайша, қазіргі таңда Тумир Кулибаев Қазақстан бойынша 40 шақты спорттық алаңдар салған. Street Workout спорттық алаңдары Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Шымкент, Қызылорда және Тараз секілді қалаларда бар. Жақын уақытта тағы бірнеше қалада осындай спорттық алаңдар ашу доспарда бар.

Спорттық алаңдар қаланың орталықтарында немесе халық көп шоғырланған аудандарда салынды. Мысалы, Оралда workout алаңы орталық "Арбатта" орналасса, Қарағандыда халық көп шоғырланған қаланың Оңтүстік-Батысында салынды.

Workout спорттық алаңдарына салтанатты ашылу рәсіміне ҚР ҰОК өкілдері, қалаң басшылары мен спорттық және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Елімізде Street Workout танымалдылығы артып келеді. Соңғы жылдары бұл спорт түрімен айналысатындардың саны 45% өскен.