Қыркүйектің 3-і күні алып шаһарда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Білім күніне арналған велошеру өтеді. Таңғы сағат 08:30-да велошеру әуесқойлары «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңында жиналып, ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотореяның нөмірлерін алып, 11 шақырым қашықтықты бағындыру үшін жолға шығады.