Бейтаныс біреулер Парижде еркін күрестен Олимпиада чемпионын тонап кетті. Бұл жайлы ТАСС басылымына еркін күрестен Ресей құрамасының бас бапкері Джамболат Тедеев айтып берді.

Ұрылар қонақ үйден спортшының ақшалары мен құжаттары жатқан дорбасын ұрлап кеткен. Франция астанасында күресші әлем чемпионатында өнер көрсеткен.

«Абдулрашидтің төлқұжаты мен ақшасын тонап кетті. Таңертең тамақтанып, әуежайға кетуге дайындалғанбыз. Бейнетаспада ұрылардың түрлері араб келбетті екені анық көрінді», — деді Тедеев.

Бапкердің айтуынша, ол спортшымен бірге Парижде қалып, Ресей елшілігіне бармақ. «Әзірге осында қанша уақытқа қалатынымыз белгісіз, шығынды өтейді деп үміттенбейміз», — деп атап өтті ол.

Естеріңізге салайық, 26 тамызда Садулаев финалдық бәсекеде америкалық Кайли Снайдерден ұтылып қалды.

Айта кететін жайт, Абдулрашид Садулаев 86 келіде Рио Олимпиадасының чемпионы болса, Снайдер 97 келіде чемпион атанған еді.