«Нью-Йорк Сити» клубының шабуылшысы Давид Вилья үш жылдан соң Испания Ұлттық құрамаға қайтып оралғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Шақырту алғанымды мақтан тұтамын. Айтарға сөзім жоқ. Арманым орындалды. Бас бапкер Хулен Лопетеги маған хабарласып, менің ойындарымды қарап жүргенін айтты. Таңғалысымды несіне жасырайын. Шынымды айтсам, Ұлттық құрамаға қайтып оралу туралы ойлауды доғарған емеспін», - дейді Вилья.