Испаниялық «Вильярреал» «Астана» секілді ескі танысымен қайта кездескеніне қуанышты.

«Вильярреалдан» бөлек «Астана» израильдік «Маккаби» (Тель-Авив) және чехиялық «Славиямен» бір топта ойнайды.

«Маккаби» мен «Славия», танысқанымызға қуаныштымыз! Сіздерді қайта көргеніміз қандай тамаша, «Астана»!, - деп жазды «Вильярреал» твиттерде.

Естеріңізде болса, «Астана» мен «Вильярреал» 2014/15 жылғы маусымда Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде кездескен болатын. Сол кезде испаниялық клуб Астанада 3:0, өз алаңында 4:0 есебімен ұтқан еді. Айта кетерлік жайт, сол матчтан кейін «Астана» еурокубокта өз алаңында үш жыл бойы ұтылмай келеді.