Бірінші аса жеңіл салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Майкл Карбахаль алдағы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегі жайы ойын айтты.

«Бұл кездесу туралы ойым қандай? Канело жеңеді, басқа нұсқа жоқ. Оның техникасы бар, ал Головкинде қорғаныс жоқ. Ол нокаутпен жеңіске жетеді», - деді Карбахаль FightHub TV-ге берген сұхбатында.

Головкин – Альварес кездесуі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.