Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Куктың Астана қаласының «Сарыарқа» велотрегінде 9 қыркүйекте өтетін кездесу кешіне Қытайдағы және Канададағы жанкүйерлер 5 мың орынға тапсырыс берген. Бұл туралы «Qazaq promotions» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.

«Билеттер қазір өте жақсы сатылып жатыр. Қытайдағы жанкүйерлер 3 мың, канадалықтар 2 мың билет сұратып отыр. Қонақтарды күту үшін әлі де дайындық жұмыстары жүріп жатыр. «Сарыарқа» велотрегі жалпы 11 мың адамға арналған. Шетелдік БАҚ өкілдері де кездесу кешіне қызығушылық танытып отыр», - дейді баспасөз қызметі.

Еске салайық, 9 қыркүйек күні елордалық «Сарыарқа» велотрегінде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукпен жекпе-жекте өз титулдарын қорғайтын болады.