Бұған дейін ол Қазақстан жастар құрамасының (U21) аға жаттықтырушының көмекшісі қызметін атқарды.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U17) аға жаттықтырушысы қызметіне отандық маман Игорь Свечников тағайындалды. Ол футбол карьерасында «Химик», «Целинник», «Қайрат», «Металлург» (Магнитогорск) және «Жеңіс» командаларында ойнаған. Бапкерлік қызметінің көп бөлігін «Жеңіс», «Оқжетпес», «Жетісу», «Астана» және «Бәйтерек» клубтарында өткізген.

2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан жастар құрамасының (U21) аға жаттықтырушының көмекшісі қызметін атқарып келді. Игорь Свечниковке жасөспірімдер құрамасын жаттықтыруға тағы бір қазақстандық маман Иван Азовский көмектесетін болады.

Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U17) алдағы уақытта бірнеше халықаралық турнирге қатысады. Біздің футболшыларды 4-8 қыркүйек аралығында ҚР Президент Кубогы күтіп тұр. Ал, 19-25 қыркүйек аралығында Беларусь астанасы Минскіде 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде сынға түседі.