Молдова құрамасының бапкері Игорь Добровольский 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Сербия мен Уэльс құрамаларына қарсы ойнайтын футболшылар тізімін жариялады.

Бұл құрамға павлодарлық «Ертістің» шабуылшысы Игорь Бугаев та енді.

Айта кетейік, Молдова құрамасы 2 қыркүйекте Белградта сербтер күш сынасады, кейін Кишиневте 5 қыркүйекте Уэльсті қабылдайды.