Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Азия чемпионатындағы соңғы матчын өткізді.

Турнирдің соңғы кездесуінде қазақстандықтар жетінші орынға таласқан. Қарсылас – Филиппин құрамасы. Отандастарымыз қарсыласын 3:2 (25:20, 25:16, 21:25, 21:25, 15:3) есебімен ұтты.