Волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалдық жұптары анықталды.
Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы Қытай командасынан ойсырай ұтылып, жартылай финалдан тыс қалды. Қорытынды есеп 0:3 (16:25, 32:34, 23:25).
Айта кететін жайт, Қытай құрамасынан бөлек Жапония, Оңтүстік Корея және Таиланд командалары жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстан құрамасы 5-8 орын үшін тартысқа түспек. 16 тамызда жерлестеріміз Вьетнаммен күш сынасады.
Волейболдан Азия чемпионаты -2017. Әйелдер. Ширек финал. Филиппин. 15 тамыз күнгі нәтижелер.
Қазақстан – Қытай – 0:3 (16:25, 32:34, 23:25)
Оңтүстік Корея – Қытайлық Тайпей – 3:0 (25:20, 25:11, 28:26)
Жапония – Вьетнам – 3:0 (25:22, 25:21, 25:16)
Таиланд – Филиппин – 3:0 (25:21, 25:14, 25:20)
Комментарии